Қарағандының боксшысы халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды - kaz.caravan.kz
  • $ 478.96
  • 533.03
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандының боксшысы халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды

Қарағандының боксшысы халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды

Қарағанды. 26-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қарағандының боксшысы Серік Елеуов халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қарағанды облыстық балалар мен жасөспірімдердің олимпиадалық резервтің бокс бойынша арнайы мектебіне сілтеме жасай отырып.

  • 26 Қараша 2007
  • 423
Фото - Caravan.kz

Мекеменің ақпараттарына сүйенсек, Қытайда 16-шы және 23-ші қараша аралығында «Сәттілік, Пекин» атты халықаралық бокс турнирі өткен. Оған 17 ел қатысқан. Серік Елеуов Қарағандыдан барған Қазақстанның ұлттық құрамасының жалғыз спортшысы.

60 кг салмақ дәрежесіндегі қарағандылық боксшы алтын медальді жеңіп алды.

Серік Елеуовтың агенттік тілшісіне хабарлауынша, ол бірінші ұрыста қытайлық боксшымен бақ сынасқан. С. Елеуов қарсыласын бірінші раундта жеңіп шыққан. Екінші жарыста қарағандылық спортшы түрік боксшысымен бетпе-бет келіп, оны 24:8 есебімен жеңген. Жартылай финалда С. Елеуов Ресейдің боксшысын тізе бүктірген. Ал, финалда Серік Елеуов американдық спортшыны жеңіп, алтын медальді жеңіп алған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті