Қарағандының «Шахтер» командасы тұңғыш рет футболдан ел чемпионатын жеңіп алды - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-6 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандының «Шахтер» командасы тұңғыш рет футболдан ел чемпионатын жеңіп алды

Қарағандының «Шахтер» командасы тұңғыш рет футболдан ел чемпионатын жеңіп алды

Қарағандының «Шахтер» футбол командасы өз тарихында тұңғыш рет футболдан ел чемпионатын жеңіп алды, деп ҚазТАГ тілшісі хабарлады.

  • 31 Қазан 2011
  • 441
Фото - Caravan.kz

Өз алаңында астаналық «Астана» командасын 2:0 есебімен жеңіп, қарағандылықтар футболдан ҚР чемпионатының алтын медалін жеңіп алды. Екі голды да Сергей Хижниченко салды. Ойын стадион лық толы жағдайында өтті.

«Біз осы жеңіске қол жеткізгіміз келген болатын. Біз ол міндетті орындадық. Футболда ең бастысы – нәтиже, команда оған қол жеткізді. Мен берілген нұсқаулардың қалай орындалғанына толығымен қанағаттандым», — деді команданың бас бапкері Виктор Кумыков, сенбі күні, ойын аяқталған соңғы баспасөз мәслихатында.

Команда бас бапкерінің айтуынша, ол соңғы ойынға ойыншыларға аса ерекше нұсқаулар бермеген, бірақ «стадион жанкүйерлерге лық толы болады, сондықтан оларды қуанту керек», — деген тілек айтыпты. Оның айтуынша, әрине, сәттілік те команданы қолдаған.

Бұл ретте команда капитаны Андрей Фмнонченконың айтуынша, ойын қарсаңында «шахтерліктер» құрбандыққа мал шалыпты.

Клуб жетекшілерінің айтуынша, жеңімпаздарды салтанатты марапаттау рәсімі 2 қарашада өтеді.

Баспасөз мәслихатында бас бапкер өзінің командада келесі жылы да қалғысы келетінін жеткізді. «Менің келісімшартым 15 желтоқсанда аяқталады, бірақ мен осы командамен бұдан да зор жетістіктерге жете бергім келеді», — деді В. Кумыков.

Бұрын хабарланғандай, чемпионат «күмісі» талдықорғандық «Жетісуда», «қоласы» — «Ақтөбеде».

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера