Қарағандының «Шахтері» - футболдан Қазақстан чемпионы - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-6 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандының «Шахтері» - футболдан Қазақстан чемпионы

Қарағандының «Шахтері» - футболдан Қазақстан чемпионы

Қарағандылық «Шахтер» клуб тарихында алғаш рет футболдан Қазақстан чемпионатының алтын медаліне ие болды.

  • 31 Қазан 2011
  • 438
Фото - Caravan.kz

29 қазанда, сенбі күні «кеншілер» өз алаңында «Астана» командасын 2:0 есебімен ұтты. Маусымның соңғы шешуші матчындағы бұл жеңіс команданың чемпион атағына ие болуын қамтамасыз етті. Алаң иелері матчтың алғашқы минуттарынан-ақ ойын тізгінін өз қолдарына алды, дегенмен сайыс аса тартысты өтті. Алғашқы голды ойынның 19-минутында Сергей Хижниченко соқты. Ол сондай-ақ «Астана» қақпасына екінші таймның соңында соғылған екінші голдың да авторы. Алғаш рет ойын стадионға жанкүйерлердің лық толған жағдайында өтті. Ауа айының қолайсыз жағдайына қарамастан жанкүйерлер өз командасына қолдау көрсетті. «Бұл — біздің ортақ жеңісіміз! Өз командамды және бүгін бізді қолдауға келген барлық жанкүйерлерді құттықтаймын. Біз осы жеңіске ұмтылдық және осы міндетті орындап шықтық», — деді матч соңында өткен баспасөз мәслихатында «Шахтер» ФК бас жаттықтырушысы Виктор Кумыков.

Оның пікірінше, 2011 жылғы чемпионат тұтастай алғанда ойыншылар үшін де, жанкүйерлер үшін де қызықты өтті. «Біз осы жеңісті жиырма жыл күттік. Бұл біздің бәріміз үшін тамаша сый болды», — деді жанкүйер Қайрат Мәметов.

Жеңімпаздарды марапаттау 2 қарашаға жоспарланып отыр. Қарағандылық «Шахтер» кубокқа ие болды. Екінші орында — талдықорғандық «Жетісу», үшінші орын — «Ақтөбе» командасына бұйырды.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера