Қарағандының “Шахтері” Коперде гол соғып қайтты - kaz.caravan.kz
  • $ 439.4
  • 473.54
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандының “Шахтері” Коперде гол соғып қайтты

Қарағандының “Шахтері” Коперде гол соғып қайтты

Қазақстандық қос клуб Еуропа лигасы аясындағы алғашқы матчтарын өткізді. Бұл күні Қарағандының ШахтеріКоперге барып, гол соғып қайтты, алайда есеп тең. Давор Бубанидің голына Жамбыл Көкеев жауап қайтарған болатын.  

  • 2 Шiлде 2011
  • 346
Фото - Caravan.kz

Бұл күні Польшаға барған Павлодардың “Ертісі”   қанша тырысып баққанымен, гол соға алмады. Жергілікті “Ягеллониямен” кездесуде Константин Заречный, Говедарица өз мүмкіндіктерін мүлт жіберді. Ойында жерлестеріміздің бағы жанбай-аққойды. 37-минутта  екі ескерту алған Алексей Михайлюк алаңнан қуылса, ойынның аяқталуына  он минут қалғанда қарсыластардың капитаны Томаш Франковский соққы жасап, өз командасын алға шығарды. Есеп — 1:0. Қарымта матчтар енді өз жерімізде,7-шілде күні өтеді.

Ертең велоспорттағы ең беделді жарыстардың бірі бастауын алады. Дәстүр бойынша шілденің алғашқы сенбісінде басталатын “Тур де Франстың” салтанатты түрде биылғы туры таныстырылды.

Франция еліндегі супер велокөпкүндік 21 кезеңнен тұрады және 3471 шақырым қашықтықты қамтиды. Тур-2011  24 шілде күні Елисей жазығында мәресіне жетеді. Бүгін “Тур де Франста” жүлдені сарапқа салатын командалардың ресми таныстырылымы өтті. Тарихи атмосферада өткен салтанатты шарада қатысушы барлық 22 команда ортаға шықты. “Астана” командасының сапында келесі ойыншылар өнер көрсетеді. Александр Винокуров, Реми де Григорио, Дмитрий Фофонов, Андрей Гривко, Максим Иглинский, Роман Кройцигер, Паоло Тиралонго, Томас Вайткус, Андрей Зейц. Жалпы командалар ішінде көш бастап тұрған “Саксо Банк”, оның сапында былтырғы жеңімпаз Альберто Кантадор бар.


“Уимблдонның” биылғы финалында ресейлік Мария Шарапова мен чех қызы Петра Квитова кездесетін болды. Бұл Шарапова үшін 2008 жылдан бергі “Үлкен дулығадағы” алғашқы финалы, ал Квитова
 соңғы он жылдықтағы бірінші солақай ойыншы.

Кезінде әлемдік рейтингте көш бастап тұрған Шарапова жартылай финалда жас неміс теннисшісі Сабин Лисицкиден мықты болды.  Есеп — 6:4, 6:3. Екінші жартылай финаддық матчта жеңімпаз атанған — чех Петра Квитова. Өзінің алғашқы финалына ол беларус Виктория Азаренконы 6:1, 3:6, 6:2 есебімен жеңіп өтті. Албүгін ерлер арасындағы жартылай финалдық кездесулер өтеді. Көгалдағы бәсекеде Новак Джокович пен Жо-Уилфрид Тсонга, ал Рафаэль Надаль Энди Марреймен күш байқасады. 

Соңғы жаңалықтар