Қарағанды-Қостанай бағытында қатынайтын жолаушылар отарбасындағы қысқа тұйықталу өрт шығуына түрткі бола жаздады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды-Қостанай бағытында қатынайтын жолаушылар отарбасындағы қысқа тұйықталу өрт шығуына түрткі бола жаздады

Қарағанды-Қостанай бағытында қатынайтын жолаушылар отарбасындағы қысқа тұйықталу өрт шығуына түрткі бола жаздады

Кеше, 16-тамызда Осакаровка-Ақтасты темір жол өткелегінің 613-шақырымында желдеткіш жүйесінің электр қозғалтқышындағы қысқа тұйықталу салдарынан Қарағанды-Қостанай бағытында қатынайтын №327 жолаушылар отарбасының №5 купелі вагоны тұтана бастады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 17 Тамыз 2004
  • 1136
Фото - Caravan.kz

Вагондағы жүргіншілер дер кезінде басқа жаққа көшірілді. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ. Вагон тізбектен бөліп алынып, өрт қаупі жойылды.

Апат зардабын арылтуға 5 адам мен бір арнаулы машина жұмылдырылды. Оқиға орнына өртке қарсы қолданылатын отарба жіберілді.
Вагонды тексеруден кейін поезд бет алған бағытына жүріп кетті. Темір жолдағы қозғалыс қалпына келтірілді.

Перейти к новостям спорта