Қарагөз бейнесін сомдаушы жас актриса Таңсұлу Мұзаппарованың сахнадағы дебюті өткізілмек - kaz.caravan.kz
  • $ 508.3
  • 592.17
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
8 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарагөз бейнесін сомдаушы жас актриса Таңсұлу Мұзаппарованың сахнадағы дебюті өткізілмек

Қарагөз бейнесін сомдаушы жас актриса Таңсұлу Мұзаппарованың сахнадағы дебюті өткізілмек

Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театрында 2011 жылдың 21 қаңтарында М.Әуезовтің «Қарагөз» трагедиясының «рөлді жаңғырту» дәстүрі бойынша Қарагөз бейнесін сомдаушы жас актриса Таңсұлу Мұзаппарованың сахнадағы дебюті өткізілмек.

  • 17 Қаңтар 2011
  • 860
Фото - Caravan.kz


Алғашқы премьерасы 1999 жылы өткен болатын, сахнаға алғаш «Қарагөз» бейнесін актриса Шолпан Мұқышева және ҚР жастарының «Серпер» сыйлығының иегері Алтынай Нөгербек сомдаған.

Араға 12 жыл салып театрдың шығармашылық ұжымы Ә.Мәмбетовтың қойылымдарының ғұмырын ұзарту, «рөлді жаңғырту» дәстүрімен және өнерге жаңадан келіп жатқан жастарды қолдау мақсатында оған Қазақ Өнер университетінің «Актер шеберлігі» мамандығының 4 курс студенті Таңсұлу Мұзаппарованы лайық деп тапты. Трагедияда Қарагөз сұлу сегіз қырлы, бір сырлы Нарша атты жігітке айттырылып қойылады. Махаббаттың мәңгілік дастанына айналған Қарагөздің өмірі шым-шытырық оқиғаға толы. Ол аталас бауыры Сырымға ғашық болады. Алайда Қарагөздің жүрегінде Сырымға деген алаулаған махаббат сезімі оны бақытты ете алмайды…

Перейти к новостям спорта