Қарамағындағы тәртіп сақшылары жаппай төбелеске қатысқан Қарқаралы аудандық полиция бөлімшесі басшылары қызметтен қуылды - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарамағындағы тәртіп сақшылары жаппай төбелеске қатысқан Қарқаралы аудандық полиция бөлімшесі басшылары қызметтен қуылды

Қарамағындағы тәртіп сақшылары жаппай төбелеске қатысқан Қарқаралы аудандық полиция бөлімшесі басшылары қызметтен қуылды

Қарағанды облысы Қарқаралы қалалық ІІБ-нің төрт бірдей басшысы қарамағындағы тәртіп сақшылары жаппай төбелеске қатысқаны үшін қызметтен қуылды. Бұл туралы жұма күні «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне облыстық ІІД-нің кадр басқармасынан хабарлады.

  • 2 Қараша 2012
  • 590
Фото - Caravan.kz

Кеше облыстық ІІД бастығы Нұрлан Рақымберлиннің бұйрығымен Қарқаралы аудандық ІІБ бастығы, оның бірінші орынбасары, патруль полициясы полкі батальонының бастығы мен әкімшілік полиция бөлімі бастығының орынбасары жұмыстан босатылды.

«Жаппай төбелеске осы бөлімшелердің үш қызметкері қатысқан. Олардың екеуі — патруль полициясы полкінің, үшіншісі әкімшілік полиция бөлімінің қызметкерлері», — дейді сұхбат беруші.
Ұжымдағы тәртіпті дұрыс бақылауға алмады деген себеппен қызметтен босатылғандар кадрлық резервке жөнелтілді. Алдағы уақытта олар босаған орындарға қызметке алынбақ.
Төбелеске қатысқан үш полицейдің күдіктілерге жататыны, әлде жапа шегушілер қатарына кіретіні әлі анықталған жоқ.
Бұған дейін сейсенбіге қараған түні Атырауда жаппай төбелес болып, салдарынан бір адам көз жұмғанын, тағы бес адам аурухананың жан сақтау бөліміне түскенін хабарлаған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар