Қарамағындағыларды балағаттаған тағы бір шенеунік қызметінен кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 477.11
  • 545.58
+33 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарамағындағыларды балағаттаған тағы бір шенеунік қызметінен кетті

Қарамағындағыларды балағаттаған тағы бір шенеунік қызметінен кетті

Қарағанды облысында қарамағындағыларды балағаттаған тағы бір шенеунік жазаға тартылды. Саран қаласы әкімнің орынбасарының әрекетін талқылаған тәртіптік кеңес шолақ белсендіні бірауыздан жұмыстан қуу керек деген шешім шығарған.

  • 29 Қазан 2013
  • 244
Фото - Caravan.kz


Гүлмира Беделбаевадан жәбір көрген қол астындағылары арызбен қоса шенеуніктің кезекті балағатын таспаға жазып ала кепті. Кеңес мүшелері бейпіл сөздерден құлақ тұнатын таспаны тыңдап жағаларын ұстады. Алайда қысым көргендер ағынан жарылғанымен, шенеунік те құр келмепті. Арызқой жұмыскерлерінің сазайын беру үшін адвокатын ертіп алған. Айтуынша оның сөздерін таспаға жазуға ешкімнің құқы жоқ, тіпті ондағы дауыста өзінікі емес көрінеді. Куәгерлерлер түгілі, ара тұра кеңес мүшелерімен де салғыласқан шолақ бастық бет бақтырмады. Әдепсіз келіншектің әкіреңдеген қылғын көрген кеңестегілер ақыры оны қызметтен қуу керек деген шешімге келген.