Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.
"Қазақ әйелдері ежелден киімнің тәуірін киіп, әшекейдің асылын таққан. Оның ішінде жүзік-сақинаның түр-түрі,құстұмсық жүзік, отау жүзік, білезік, жұмыр білезік, сырға, некелік, шашқап, шолпы, шашбау сияқты түрлі әшекей бұйымдарды жасына, жайына қарай таңдап, талғаммен қолданған.
Әр қазақ қызы секілді бұрыннан әшекейге әуестігім бар.
“Алған алған жерде” дейді, реті келгенде алып қоя берсем, құда түсіп барып, құдағи атанатын күн де алыс емес, бір кәдеме жарай ма екен деп, алысқа көз тастап отырмын.
Мен сияқты ертеңгісін ойлайтын шығарсыз көбіңіз. Біз әйелдер солаймыз, иә? “Жақсы күніме жарасын” деп жинаймыз,солай ғой?!
Жиғаныңыз тек қана той-қуаныш, жақсылыққа..."- деп жазба қалдырды.
Әншінің оқырмандары: "керемет жаңалық қой", "Ұлыңыз өсіп қалыпты ғой иә","Құтты болсын","Өте әдемі құдағи боласыз",-деп пікір қалдырды.