Қарақат Әбілдина тағы да ана атанды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарақат Әбілдина тағы да ана атанды

Қарақат Әбілдина тағы да ана атанды

Эстрадамыздың жұлдызды жұбы Қарақат пен Қыдырәлі тағы да ата-ана атанды.

  • 2 Қыркүйек 2020
  • 10854
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.

Ақын Айнұр Тұрсынбаева өз инстаграм парақшасында алғашқылардың бірі болып: 
"Сүйінші! Сүйінші! Сүйінші!
Дәл қазір Қыдырәлі Болманов ағамның шаңырағында дүниеге айдай сұлу тағы бір қыз келді. Қарақат енді 6 баланың анасы!!! Мықтылық деген осы емес пе?! 
Ал ұйықтамағандар құттықтаңыздар"
— деп халықтан сүйінші сұрап жазба қалдырды.

Біз де Болмановтардың шаңырағындағы қуанышпен шын жүректен құттықтаймыз. Бауы берік болсын.

Еске сала кетейік, Қарақат Әбілдина 2017 жылы 14-мамырдан 15-мамырға қараған түні 4 ұлдан кейін қыз босанған болатын. Тұңғыш қыз босанған әнші ол кездегі қуанышын дүркіретіп атап өткен болатын. Енді жұлдызды жұптың 4 ұл, 2 қызы бар. 


2017 жыл, мамыр айы 2017 жыл, мамыр айы
Соңғы жаңалықтар