Әдетте әртіс атаулы жеке меншік мерекелерін ең қымбат деген мейрамханаларда атап өтетін. Тек бұл жолы емес. Қарақаттың туған күні Астанадағы Хазірет Сұлтан мешітінде атап өтілді.
Туған күн кешіне “Үміт көктемі” деп атау берілген. Онда тек әйелдер қауымы шақырылған.
Олардың арасында Майра Ілиясова, Алтынай Жорабаева, Айнұр Тұрсынбаева, Тамара Асар, Гүлбаршын Заирова сынды танымал тұлғалар бар.
Кеш барысында “Құрсақ шашу” ырымы жасалды. Бұл ретте Қарақаттай көпбалалы ана болсын деген ниетпен меймандарға сыйлықтар таратылды. Ал кешке жиылғандар әншінің аман-есен босануын тіледі.
Ерлер қауымынан бұл кеште әншінің жолдасы Қыдырәлі Болманов бой көрсетті.
Желідегілердің арасында туған күннің мешітте атап өтілуін сынағандар да, құптағандар да көп болды.