Қарақат бесінші сыныпта оқитын ұлының көлік жүргізгенін көрсетіп мақтанды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-6 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарақат бесінші сыныпта оқитын ұлының көлік жүргізгенін көрсетіп мақтанды

Қарақат бесінші сыныпта оқитын ұлының көлік жүргізгенін көрсетіп мақтанды

Әнші Қарақат Әбілдина бесінші сыныпта оқитын ұлы Иманғалидің көлік жүргізгенін көрсетіп мақтанды.

  • 9 Мамыр 2018
  • 36
Фото - Caravan.kz

Өз сөзінде әнші бұл күйеуі Қыдырәлінің еңбегі екенін айтуды ұмытпады, деп хабарлайды Stan.kz.

Қарақат Әбілдина Instagram желісіндегі парақшасында ұлы Иманғалидің көлік жүргізген сәтінің видеосын жариялады. Әншінің сөзінше, ол ұлының көлік жүргізгенін көріп, Қыдырәлінің өжеттігі мен алғырлығына тәнті болған.

«Әкеге қарап ұл өсер» дегендей, ер бала тәрбиені әке мектебінен алғанға не жетсін?! Имашымның кіп-кішкентай болып көлікті жүрексінбей жүргізіп келе жатқан мына түрін көріп, әкесінің алғырлығын, өжеттігін көрдім. Имашымның есейіп, ат жалын тартып мінгенін пайымдап, жүрегім қуанды… Ол да болса әкелерінің кішкентайларынан соңынан ертіп атқа мінгізіп, балыққа ертіп апарып, қолынан келгенінше қасынан тастамай, уақыты аз болса да уақыт бөліп, әр баласына жүрегім деп отыратын ниетінің нәтижесі де шығар», – деп жазды әнші.

Видео кадрларынан Қыдырәлі мен ұлы Иманғалидің көлікте отырғаны көрінеді. Байқалғандай, көлік рөлінде әншінің ұлы отыр.

 


A post shared by @karakat_a on

Өз кезегінде желі қолданушылары Қыдырәлінің балаларына берген тәрбиесіне тәнті болып, жағымды пікірлер қалдырып жатты.