Қарақшылық өнімдер жаулап алуына байланысты Қазақстанға қарсы экономикалық санкциялар қолданылуы мүмкін - Бас прокуратура өкілі - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарақшылық өнімдер жаулап алуына байланысты Қазақстанға қарсы экономикалық санкциялар қолданылуы мүмкін - Бас прокуратура өкілі

Қарақшылық өнімдер жаулап алуына байланысты Қазақстанға қарсы экономикалық санкциялар қолданылуы мүмкін - Бас прокуратура өкілі

Қарақшылық өнімдер жаулап алуына байланысты Қазақстанға қарсы экономикалық санкциялар қолданылуы мүмкін. Бұл туралы бүгін, 30-наурызда ҚР бас прокуратурасының санаткерлік меншік туралы заңнамалардың қолданылу жағдайын тексеру қорытындысына арналған Астанадағы алқа мәжілісінде ҚР бас прокуратурасының мемлекеттік мекемелердің іс-қызметін қадағалау жөніндегі бөлім бастығы Андрей Кравченко хабарлады.

  • 30 Наурыз 2004
  • 620
Фото - Caravan.kz

А.Кравченконың айтуынша, Қазақстанда «қарақшылық» проблемасы «ішкі құқықтық аядан шығып, саяси және экономикалық проблемаға айналды». Ол осы орайда, халықаралық ұйымдардың нұсқауы бойынша «қарақшылық» дендеп бара жатқан ел ретінде Қазақстан «Арнаулы шолу-301» атты қара тізімге енгізілгенін ескерте кетті. Бұл — АҚШ-тың сауда-саттық туралы заңының бір құрамдас бөлігі болып табылады. «Бұл — санаткерлік өнімдерге қатысты «қарақшылық» жайлаған елдерді бөле-жара көрсететін тізім. Тізімге енгізілген мемлекеттерде қарақшылықпен күрес шаралары осал деп танылады».

А.Кравченконың айтуынша, бұл тізімге ену салдарынан Қазақстанға қарсы 2002-жылғы Украинадағы секілді экономикалық санкциялар қолданылуы мүмкін. Мемлекетке қарсы металл, аяқ киім және басқа да импорттық тауар түрлері бойынша жалпы көлемі 75 млн. долларды құрайтын тыйым тарифі қолданылды. «Сарапшылардың бағалауынша, Украиндық кәсіпорындар мен республикалық бюджет аталмыш шаралардың кесірінен 700 млн. доллар шығынға душар болды»,- деді А.Кравченко.
Ал ҚР әділет министрінің бірінші орынбасары Иоганн Меркельдің айтуынша, ол басымдық берілген бақылау тізіміне жатпайды, сол себепті Қазақстанға тікелей экономикалық санкция салынады екен деп қорқуға негіз жоқ. Дегенмен, әділет министрінің бірінші орынбасары «Арнаулы шолу-301» атты қара тізімнен табылу «Қазақстанның беделіне нұқсан келтіретін қолайсыз дерек» екенін мойындады.

Соңғы жаңалықтар