Қарасай ауданы: Көлдісуда қытайлық кірпіш жасаушылар 8 жыл бойы иелік етіп келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарасай ауданы: Көлдісуда қытайлық кірпіш жасаушылар  8 жыл бойы иелік етіп келеді

Қарасай ауданы: Көлдісуда қытайлық кірпіш жасаушылар 8 жыл бойы иелік етіп келеді

Алматы облысында жерге қатысты тағы бір дау шықты. Осымен сегізінші жыл Қарасай ауданындағы Көлдісу ауылына тиесілі жерге қытайлық кірпіш жасаушылар иелік етіп келеді. “Еркінсігендері сондай, үй іргесіндегі дөндердің барлығын қазып, топырағын зауыттарына тасып жатыр”, - дейді ашынған көлдісулықтар. Алайда кірпіш өндіруші шетелдіктер өзге пікірде. Айтуларынша, жерді қазуға рұқсат береміз, егер орнына тегін кірпіш беретін болсаңдардеп тұрғындардың өздері келісім беріпті.

  • 25 Маусым 2011
  • 553
Фото - Caravan.kz

Көлдісудың кезінде жайқалып тұрған жасыл желегінің бүгінгі сиқы  кеткен: ойылған, опырылған, сары шаңы шыққан ойпатты мекенге айналған. Ауылдың бұндай халге душар болуына тұрғындар іргедегі кірпіш зауыты себеп дейді. Өйткені  тәулігіне 20-30 КамАЗ-ға тиелген топырақ  ауылдың айналасынан алынады.

Қазылып жатқан жер мен тұрғын үйлердің арасы небәрі 60 метр. Бір  дөңнен ассаң, ойылған орынды көресің. Қытайлар күн көзі шықпастан қазу жұмыстарын бастайды. Тіпті тынымсыз гүріл мен техниканың дүрсілінен кей баспаналардың қабырғалары опырылған. Үй иесінің айтуынша, құлаған қабырғаны осымен екінші мәрте көтеруі. 

Жәмилә Мұздыбаева, Көлдісу ауылының тұрғыны:

— Бүгін таңертен бірдеңе дүр ете түсті. Мен жатқан терезе  сылдырлап кетті. Сөйтсем  астынан қазып алған кезде үсті құлаған. Таңғы төрттен келіп қазады.  Алты кәсіпорын жұмыс істейді. Барлығы қытайлықтар, сырттан келеді. Тіршілігіміз осы шаңдарын жұтып отыру.

Қою сары шаңға көмілген ауыл жолының да көретін жері қалмаған. Тұрғындар кезінде мұнда тас жолдың болғанын айтады. Алайда тәулігіне 24 сағат ары-бері сабылатын жүк көліктері бәрін талқандап біткен.

Закима Соғымбаева, Көлдісу ауылының тұрғыны:

— Менің үйім бұл жерге тақау тұр. Күнде шаң жұтып, не дұрыстап кір жуа алмайсың, не терезе аша алмаймыз, балаларды ойната да алмаймыз. Малымыздан айырылып жатырмыз, ана қазылған жотадан қошқарым құлап өлді. 

Заңсыз жерін меншіктепқазып жатқаны аздай,енді қытай жұмысшылары бұл ауылды ішер суға да зар етуде. Өйкені су бастауы кәсіпорын қоршауындағы жерден шығады екен. Ал ол кірпіш зауытынан артылмайды. Сондықтан жұрт тіршілік нәрін көрші ауылдардан тасып әкелуге мәжбүр.


Бейбіт Әміров, Көлдісу ауылының тұрғыны:

— Құдық сол жерде болған соң «суда біздікі»дейді. Ал біз сорлап,бір шақырым метр жерден тасып ішеміз. Сосын өздері насос салып,тартып алады. Апталап, тіпті жаз бойын кірпіш құйған соң бізге су келмейді.     

Тұрғындардың жағдайларын айтып бармаған басшылары, ашпаған есіктері қалмаған. Бірақ бәрінен қайыр шамалы. Қазіргі әкім бұрынғыларға, ал бұрынғылар одан алдыңғыларға сілтейді: қытайлықтарға жерді сатқан солар, соларға барыңдар, — деп. Ал жұмысы жүріп жатқан кірпіш зауытына барғанымызда, камераны көре сала,барлығы қаша жөнелді. Бірақ өзін “Қуан” жеке серіктестігінің өкілімін” деп таныстырған қыз: “Тұрғындардың бұлайша бас көтеруі — негізсіз”, — деді. Айтуынша,  “жерді түзетіп беріңдер” деп алғашында халықтың өз ұсыныс білдіріпті.

Роза Мағай, кірпіш зауытының өкілі:

— Тұрғындардың бұлайша шағым түсіруін түсінбей тұрмын. Өйткеніжерді қазған кезде біз олардың келісімін алғанбыз. Сосын ауыл іргесіндегі дөңдерді тегістеп беретін болдық. Ал тұрғындарға тегін кірпіш үлестіретін болып келіскенбіз.

Өкілдің айтуынша, жер телімінің қожайыны Көлдісу ауылындағы 25 гектар жерді осыдан  сегіз жыл бұрын сатып алған. Және оны қазір кірпіш шығарып жатқан қытайлық зауытқа үш жылға жалға берген. Демек, оның қазылып жатқан топырағы да олардың құқында. Бірақ көп ұзамай көлдісулықтарға уәде етілгендей,тегін кірпішті үлестіреміз дейді. Тек ол үшін халықтын сары шаңға әлі біраз көміле тұруына тура келмек. 

Соңғы жаңалықтар