Қарасай ауданының әкімшілігі кришнаиттермен қайтадан соттасып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-3 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарасай ауданының әкімшілігі кришнаиттермен қайтадан соттасып жатыр

Қарасай ауданының әкімшілігі кришнаиттермен қайтадан соттасып жатыр

АЛМАТЫ. 23 қаңтар. Kazakhstan Today. Алматы облысы Қарасай ауданының әкімшілігі сотқа "Общество сознания Кришны" ұйымына қатысты жер телімін сатып алу- сату жөніндегі келісімін заңсыз деп тану туралы арыз берді. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігіне діни ұйымның баспасөз қызметі хабарлады.

  • 23 Қаңтар 2007
  • 710
Фото - Caravan.kz

«2007 жылы 18 қаңтарда алматылық «Общество сознания Кришны» ұйымының жетекшілігіне Қарасай ауданының сотына шақыру қағазы берілген. Арызда 2007 жылы 16 қаңтарда Қарасай ауданының әкімшілігі М.Жақсыбеков пен «Общество сознания Кришны» ұйымы арасында 47,7 га жер теліміне қатысты сатып алу- сату туралы кейінгі құжатты күшін жойған деп тану туралы талабы көрсетілген»,-деп жазалған хабарламада.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл құжат 2005 жылы Жоғары соттың шешімімен заңдастырылған, ал аудан әкімшілігі бұл шешімді жоққа шығарғысы келеді . «Бұл арызымен Қарасай әкімшілігі «Общество сознания Кришны» ұйымына қолдану құқын берген Жоғары соттың шешіміне қарсы шыққысы келетінін көрсетеді»,-деп санайды қоғамдағылар. «Әкімшілік бұл істі өз дегеніндей шешсе, Жоғары соттың шешімін қайтарып алу туралы прокурорлық қарсылық берілуі мүмкін деп қоғамды жақтаушы заңгерлер болжам жасап отыр.

Діни қоғамның баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қарасай әкімшілігінің арызы бойынша таңдаулар 19- қаңтарда прокурор мен бірқатар жауапкерлердің болмағандығынан өтпей қалған. Келесі отырыстың мерзімі белгісіз.

Діни қоғамдағылар 47,7 га жер мен заңды мекен-жайынан айырылып қаламыз ба деп алаңдаушылық білдіруде. «Бұл аймақтағы Кришналық жалғыз ғана фермерлік шаруашылыққа төнген қауіп»,-деп жазылған хабарламада.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, 2006 жылы қарашада сот шешімін орындаушылар Қарасай ауданында «Общество сознания Кришны» ұйымына тиесілі 14 үйді бұзып тастаған болатын.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта