«VII қысқы Азиялық ойындарды ұйымдастыру жөніндегі Атқарушы дирекция Ойын бағдарламасына енгізілген іс-шараларға билеттер on-line жүйесі арқылы және дәстүрлі әдіспен — жарыстар өтетін спорттық нысандардың кассалары арқылы сатылатындығы туралы шешім қабылдады»,- дейді әкім.
Астанада жарыс өтетін нысандар — республикалық велотрек, «Қазақстан» спорт сарайы, конькимен сырғанау стадионы, «Астана-Арена» футбол стадионы болса, ал Алматыдағы нысандар — Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайы, «Медеу» кешені, шаңғы трамплиндерінің халықаралық кешені, «Шымбұлақ» тау шаңғысы базасы, шаңғы-биатлон стадионы.
Әкімнің блогында мәлім етілгендей, «билеттердің сатыла бастайтыны туралы ресми мәлімдемені дирекция қараша айының басында жасайды».
Азияның Олимпиадалық кеңесі мен Қазақстанның Туризм және спорт министрлігі қазір билет құнын келісіп болды. Ойындардың ашылу рәсіміне билет -120 АҚШ доллары тұрса, жабылу рәсіміне -100 доллар тұратын болады. Ал спорттық жарыстардың билеттерінің бағасы 5 доллар мен 120 доллардың аралығын қамтиды.