Қараша айында 30 градусқа дейін аяз болуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
+1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қараша айында 30 градусқа дейін аяз болуы мүмкін

Қараша айында 30 градусқа дейін аяз болуы мүмкін

Синоптиктердің 2021 жылғы қараша – 2022 жылғы наурызға арналған консультативтік болжамы бойынша, қарашада Қазақстанда 30 градус аяз түсіп, қаңтарда -40°С дейін болады. Қыстың ортасы мен көктемнің басы суық болады

  • 19 Қазан 2021
  • 48
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Vlast.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

"Қазгидрометтің" хабарлауынша, қарашаның бірінші жартысы жылы болады. Қазақстанның солтүстік өңірінде ауа температурасының түнде -3+2°С-ден-8-13°С-қа дейін, күндіз +3+10°С-тан -2+3°с-қа дейін ауытқуы мүмкін. Қарашаның үшінші онкүндігінде аяз әлсірейді. Қараша айында елдің батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жаңбыр,қар жауады. Қарашаның соңғы онкүндікте ауа-райы қайтадан жылынады.

Желтоқсан айында солтүстік өңірлерде – бұрқасын, ал оңтүстікте тұман мен көктайғақ жиі болады. Ауа температурасы климаттық норма шегінде болжанады. Жауын-шашын мөлшері – республиканың басым аумағында нормадан аз, солтүстік пен шығыста – нормаға жуық, қиыр солтүстікте – нормадан көп.

Қаңтар – жылдың ең суық айы, өйткені Моңғолия аймағынан ығысатын антициклонның әсері күшейе түседі. Түнде сынап бағанасы елдің солтүстік жартысында – -35-40°С-қа дейін, оңтүстікте -22-30°С-қа дейін төмендеуі мүмкін.

Республиканың басым бөлігінде орташа айлық температура – нормадан 1-2° төмен, елдің қиыр батысында, оңтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында норма шамасында болады деп болжануда. Республика бойынша жауын-шашын мөлшері – көпжылдық нормадан аз, елдің қиыр солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және Алматы облысының оңтүстік-шығысында – норма шамасында.


Ақпан қыстың соңғы айы болғанымен, оның климаттық сипаттамалары мен циркуляциялық ерекшеліктері қаңтарға өте жақын. Қазақстанның солтүстік жартысында қар мен боран әлі де сақталады.

Орташа айлық температура елдің басым бөлігінде норма шамасында, оңтүстік-шығыста нормадан 1 градусқа жоғары болады деп күтілуде. Жауын-шашын республиканың басым бөлігінде – нормаға жуық, оңтүстік-батыс, Орталық Қазақстанның батысында – нормадан аз, оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы және тау бөктеріндегі аудандарында – нормадан көп.