«2006-жылдың қараша айының 25-інен 26-сына қараған түні Алматыда телекоммуникациялық желілерді телефон нөмірін жеті орынды санмен таңбалауға көшіру іске асырылады»,- делінген мекеме ақпаратында.
Агенттік түсініктемесіне сәйкес, бұл қадам «қаладағы алты орынды нөмірлеу жүйесі бойынша нөмір тапшылығы мәселесін шешу үшін» жасалмақ.
Алматылық тұтынушылар қазіргі нөмірінің алдына «2» санын қосуға тиіс. Бұл ретте Алматы қаласындағы қалааралық/халықаралық абонент нөмірін теру реті өзгертілмейді.
Сонымен бірге, баспасөз қызметінің хабарлауынша, «апаттық(01, 02, 03, 04, 051) және анықтамалық-тапсырыстық екі және үш орынды нөмірі бар қызметтерге хабарласу мүмкіндігі өзгермейді». Алматы қалалық желісі абененттерінің нөміріне ұялы байланыс желісі операторларының абоненттері тарапынан шығу нөмірі де өзгеріссіз қалады. Ол бұрынғыдай 8 -327-2 кодынан басталады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті