Қараша айында кинотеатрлардан көрсетілетін отандық фильмдер - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қараша айында кинотеатрлардан көрсетілетін отандық фильмдер

Қараша айында кинотеатрлардан көрсетілетін отандық фильмдер

Қазан айында кинотеатрлардан көрсетілетін отандық фильмдерді назарларыңызға ұсынамыз.

  • 22 Қазан 2018
  • 120
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
 

Бизнесмены

Режиссер: Ахан Сатаев

Басты рөлдерде: Асқар Ильясов, Шәріп Серік, Рәсім Жұбаев

Фильм сюжеті мемлекет экономикалық дағдарысты өткерген 90 жылдар көрсетіледі. Мұндай қиын жылдардағы тығырықтан шығудың жолын Әнуар достарымен бірге іздеуге көшеді. Жігіттер пайда табуды ойлап, КСРО құлағаннан кейін коммерциялық қызметті бастаған алғашқы кәсіпкерлер болады. 

Фильм қазақстандық кинотеатрлардан 1 қарашадан бастап көрсетіле бастайды.

Гудбай, мой бай

Режиссер: Анвар Матжанов

Басты рөлдерде: Сәбит Рақымбаев, Нұрдәулет Шертім, Даут Шайхисламов, Әзімжан Саидбаев

Бас кейіпкер екі оттың (анасы мен әйелі) қалады. Жалғыз ұл болғандық ол анасын тастап кете алмайды, анасының жанында болады. Ал әйелі болса бөлек тұрайық деп қоймайды. Екі оттың ортасында қалған кейіпкер енді не істемек?


Фильм 22 қарашадан бастап қазақстанның барлық кинотеатрларынан көрсетілетін болады.

Загадай желание

Әнші Бүркіттің режиссерлігімен түсірілген екінші туындысы.

Басты рөлдерде: Индира Еділбаева, Бауыржан Сатов, Асылбек Мұсабеков және Кентал

Бас кейіпкердің қолына ғажайып таяқшасы тап болады. Бас кейіпкер Дубайға барып, инстаграм желісіндегі оқырмандарының санын көбейтеді. Ал әрі қарай не болмақ?

Фильм қазақстандық кинотеатрлардан 29 қарашадан бастап көрсетіле бастайды.

Соңғы жаңалықтар