Қараша айында күн суытады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қараша айында күн суытады

Қараша айында күн суытады

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 31 қазан мен 2 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады.

  • 30 Қазан 2019
  • 22
Фото - Caravan.kz


"Кезекті циклон қалыптасып, Ресейдің еуропалық бөлігінде белсенділігін арттыра бастады. Алдағы тәулікте ол Оралға қарай жылжиды, соны әсерінен суық фронттар Қазақстанның батыс және солтүстік-батыс аймақтарына ығысады.  Циклон және фронттардың шығыс бағытында  жылжуына қарай жаңбыр және жылбысқы қар түріндегі жауын-шашын, сондай-ақ екпінді жел, кей жерлерде бұрқасын мен көктайғақ республиканың қалған өңірлерін де қамтиды. Климаттық нормадан 3…6°С, республиканың солтүстігінде 8…13°С жоғары болған аномальді жылы ауа температурасынан кейін күн суытады. Қараша айының басында батыс өңірлерінде ауа температурасы орташа көпжылдық нормадан 2…4°С төмен болады деп болжануда", — делінген хабарламада. 

Соңғы жаңалықтар