Қарашада Ердоған мен Макрон елордаға ресми сапармен келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
7 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарашада Ердоған мен Макрон елордаға ресми сапармен келеді

Қарашада Ердоған мен Макрон елордаға ресми сапармен келеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен қараша айының алғашқы екі күнінде Франция президенті Эмманюэль Макрон мен Мажарстан премьер-министрі Виктор Орбан Қазақстанға ресми сапармен келеді. Ал 3 қарашада елордада Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) мерейтойлық Х саммиті өтеді.

  • 26 Қазан 2023
  • 21
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz -ке сілтеме жасап  хабарлайды.

Ақорда мәліметінше сапар аясында Тоқаев пен Эмманюэль Макрон сауда-экономикалық, инвестициялық және энергетикалық ынтымақтастықты нығайту мәселелері жөнінде келіссөз жүргізеді. Сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі мәселелерді талқылайды.

Ал 2 қараша күні мемлекет басшысы мен Мажарстан Премьер-министрі Қазақстан мен Мажарстанның сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ықпалдастығын одан әрі кеңейтуге қатысты келісөз жүргізеді деп жоспарланып отыр.

Сондай-ақ 3 қараша күні өткізілетін жиынға Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер – Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан президенттері және ТМҰ-ға бақылаушы мемлекеттер – Мажарстан мен Түрікменстан көшбасшылары қатысады.

Перейти к новостям спорта