Қарашада Қазақстан Республикасындағы инфляция 0,7 пайызды құрады - kaz.caravan.kz
  • $ 477.03
  • 521.44
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарашада Қазақстан Республикасындағы инфляция 0,7 пайызды құрады

Қарашада Қазақстан Республикасындағы инфляция 0,7 пайызды құрады

Азық-түлік тауарларына баға өткен айда 0,7%-ға, азық-түлік емес тауарларға - 0,4%, ақылы қызметтерге - 1,1% өсті.

  • 4 Желтоқсан 2012
  • 420
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Өткен айда бағаның жоғарылауы жұмыртқаға 4,7%-ға, күнбағыс майына — 1,8%, макарон өнімдеріне — 1,7%, сүт өнімдеріне, тұздалмаған сары майға — 1%-дан, ұнға — 0,9%, жемістер және көкөністерге — 0,8%, етке және құс етіне — 0,6%, балық және теңіз өнімдеріне, шайға — 0,4%-дан белгіленді. Бағаның төмендеуі қантқа 1,2%-ға тіркелді.
Баға темекі өнімдеріне 1,9%-ға, қатты отынға — 1,4%, газеттер және мерзімдік басылымдарға — 0,8%, киім және аяқ киімге — 0,6%, тұрмыстық аспаптарға — 0,5%,тұрмыстық тоқыма бұйымдарға — 0,4%, жуғыш және тазалағыш құралдарға — 0,3%, жеке күтімге арналған тауарларға — 0,2%-ға өсті.
Баға деңгейі денсаулық сақтау саласында 1,2%-ға, демалыс, ойын-сауық және мәдениет саласында — 0,6%, көлікте — 0,3%, мейрамханалар мен қонақ үйлер қызметтерінде — 0,2%-ға өсті. Пошта қызметтеріне баға 37,3%-ға қымбаттады.
Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер ыстық суға 3,7%-ға, орталық жылытуға — 2,9%, қоқыс жинауға — 2,6%, тұрғын үйді күтіп ұстауға — 0,5%, суық суға — 0,2%-ға жоғарылады.