Caravan Logo

Қарашада Қазақстандағы ЖОО-ның жоғарғы курс студенттерінің білімі тексеріледі

Қарашада Қазақстандағы ЖОО-ның жоғарғы курс студенттерінің білімі тексеріледі

«2012 жылы қарашаның 13-15- аралығында білім беру, экономика және, бизнес, құқық бағыттары бойынша білім беретін 119 ЖОО-ның бітіруші курс студенттерінің білімі тексеріледі. Барлығы: 16 мамандық», - деп сәрсенбі күнгі брифингте Білім және ғылым министрлігінің ресми өкілі Әсел Қапалова мәлімдеді.

Ресми өкілдің айтуынша, тексеру нәтижесінде алынған мәліметтер пәндерді оқыту жүйесін жетілдіру жөніндегі әдістемелік ұсыныстарға негіз болмақ.