Қарашығанақ бойынша келіссөздер жыл соңына дейін аяқталады – БАҚ - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарашығанақ бойынша келіссөздер жыл соңына дейін аяқталады – БАҚ

Қарашығанақ бойынша келіссөздер жыл соңына дейін аяқталады – БАҚ

Әлемдегі ірі мұнай-газ конденсаты кен орындарының бірі – Қарашығанақты игеріп отырған Karachaganak Petroleum Operating B. V. (KPO) шетелдік мұнай компанияларының консорциумы Қазақстан басшылығымен келіспеушіліктерді 2011 жылдың соңына дейін жояды деп хабарлайды «Рейтер» агенттігі.

  • 27 Шiлде 2011
  • 556
Фото - Caravan.kz

«Қарқынды келіссөздер жалғасуда. Талқылау құрылымды нәтижеге алып келеді деп сенемін, және бұл биыл болады деп күтемін, жыл соңында болуы мүмкін», — деп мәлім етті сейсенбі күні BG Group басшысы Фрэнк Чапмэн сейсенбі күні телефон арқылы конференцияда.

Компания басшысы келіссөз процесінің спецификасы туралы айтудан бас тартты.

Еске сала кетейік, Қазақстан жобадан үлес сатып алу ниеті туралы 2009 жылы жариялаған, оның алдында акционерлермен дау шығып, олар мұнай шығаруға төленбеген салықтармен келіспеген болатын. Кейін шағым қайтарып алынып, тараптар келіссөз жүргізе бастады.

Ұзаққа созылған салық дауынан кейін консорциум Қазақстанға жобаға қатысудың 10%-дық үлесін беруге келісті. Келіссөз биыл күзде аяқталады деп айтылған еді.

Karachaganak Petroleum Operating B.V. әлемдегі ірі мұнай-газ конденсат кен орындарының бірі – Қарашығанақ кен орнын игеріп жатыр. Қазақстанның солтүстік-батысында орналасқан Қарашығанақ кен орнының аумағы 280 ш. метр, оның қоры 1,2 млрд тонна мұнай және конденсат, 1,35 трлн текше метр газды құрайды. 1997 жылы 40 жыл мерзімге қол қойылған ӨБК-ге сәйкес, BG Group (32,5%), Eni (32,5%), Chevron (20%) және «Лукойл» «15%» компанияларының бірлескен кәсіпорны болып табылады.

Соңғы жаңалықтар