Қарашығанақ кенішінде құрылыс жұмыстарының аяқталуына байланысты 1-мамырда 6 мыңдай адам жұмыстан шығарылды - kaz.caravan.kz
  • $ 522.42
  • 543.89
-14 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарашығанақ кенішінде құрылыс жұмыстарының аяқталуына байланысты 1-мамырда 6 мыңдай адам жұмыстан шығарылды

Қарашығанақ кенішінде құрылыс жұмыстарының аяқталуына байланысты 1-мамырда 6 мыңдай адам жұмыстан шығарылды

Қарашығанақ кенішіндегі нысандардың құрылыс жұмыстары аяқталуына байланысты 1-мамырда 6316 адам, соның ішінде Батыс Қазақстан облысы тұрғындарынан 5804 адам жұмыстан шығарылды. Бұл туралы Оралда өткен баспасөз мәслихатында Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Марат Әбдірахманов мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 1 Маусым 2004
  • 470
Фото - Caravan.kz

М.Әбдірахмановтың атап көрсетуінше, жұмысшылардың жұмыстан шығарылуы облыстағы ахуалға кері әсерін тигізген жоқ. Жұмыссыз қалған 3 мыңдай адам өз бетімен жұмысқа орналасқан.

Сондай-ақ, облыстағы еңбекпен қамту орталығында жұмыссыз қалған мамандардың дерекқоры құрылып, жұмыспен қамту орталықтарының көмегіне жүгінушілерге мониторинг жүргізілуде. 2004-жыл басынан бері орталыққа келген 1215 адамның 586-сы жұмысқа орналастырылды.
Әкім орынбасарының айтуынша, Қарашығанақ кенішін жайластыру шараларының аяқталуына байланысты 2004-жылы жергілікті бюджеттің кірісі 3 млрд. теңгеге азаяды. Қазіргі жағдаймен Батыс Қазақстан облыстық бюджеті 2003-жылғымен салыстырғанда 1,7 млрд. теңгеден қағылды.