Қарашығанақ кенішіндегі газ жобасының техника-экономикалық негіздемесі бір аптада дайын болуы тиіс - ҚР үкімет басшысының тапсырмасы - kaz.caravan.kz
  • $ 530.12
  • 546.08
-6 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарашығанақ кенішіндегі газ жобасының техника-экономикалық негіздемесі бір аптада дайын болуы тиіс - ҚР үкімет басшысының тапсырмасы

Қарашығанақ кенішіндегі газ жобасының техника-экономикалық негіздемесі бір аптада дайын болуы тиіс - ҚР үкімет басшысының тапсырмасы

Бүгін, 19-ақпанда үкімет басшысы Даниал Ахметовтың төрағалық етуімен Қарашығанақ мұнайгазконденсаты кенішіндегі газ жобасына байланысты мәселелер талқыланған кеңес өтті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне үкімет басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 19 Ақпан 2004
  • 441
Фото - Caravan.kz

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы басшысының ақпараты бойынша, газ жобасында жылына 10 миллиард текше метр газ өңдейтін қуаты бар зауыт құрылысы мен тауарлық газды сатып алушыларға жеткізетін құбыр құрылысын салу қарастырылған. «Газ өңдейтін зауытты іске қосу нәтижесінде жергілікті тұрғындарды жұмысқа қамтуға, нәтижесінде олардың әл-ахуалын жақсартуға нақты мүмкіндіктер жасалады»,- деді Даниал Ахметов.

Үкімет басшысы тиісті министрліктер мен ұлттық компанияларға 2004 жылдың наурызында инвесторларды тарту мақсатында тұсаукесер жұмысына кірісу үшін бір апта ішінде газ жобасының техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуді тапсырды. Даниал Ахметовтің пікірінше, қолданыстағы салық заңнамасында мұнайхимиясы саласына тікелей инвестицияның тұрақты ағынын қамтамасыз етуге жеңілдіктер мен преференциялар қарастырылғандықтан, аталмыш газ жобасына қатысу отандық инвесторлар үшін де өте тиімді болар еді.