Қарашығанақ кенішіндегі шетелдік инвесторлар Батыс Қазақстан облысына көрсетілетін әлеуметтік көмектер көлемін ұлғайтуы керек -ҚР Елбасы - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарашығанақ кенішіндегі шетелдік инвесторлар Батыс Қазақстан облысына көрсетілетін әлеуметтік көмектер көлемін ұлғайтуы керек -ҚР Елбасы

Қарашығанақ кенішіндегі шетелдік инвесторлар Батыс Қазақстан облысына көрсетілетін әлеуметтік көмектер көлемін ұлғайтуы керек -ҚР Елбасы

Қарашығанақ кенішін игеру жобасын жүзеге асырушы шетелдік инвесторлар Батыс Қазақстан облысына көрсетілетін әлеуметтік көмектер көлемін ұлғайтуы керек. Бүгін, 1-тамызда Қарашығанақтың сұйық көмірсутегін Каспий құбыр желісі арқылы экспортқа жіберу салтанатынан кейін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осындай пікір білдірді.

  • 1 Тамыз 2003
  • 546
Фото - Caravan.kz

«Мұндай ұсыныс Қарашығанақтағы мұнай өндіру көлемінің ұлғайтылуымен сабақтас жасалып отыр»,- деді Н.Назарбаев. Елбасының айтуынша, бұл қаржы елді мекендерді газдандыру, халықты ауыз сумен қамтамасыз ету, облыстың ауылдық жерлерінде әлеуметтік нысандар салуға жұмсалуы тиіс. «Батыс Қазақстан облысы тұрғындарының 60 проценті ауылдық жерлерде тұрады, сондықтан оларға қолдау қажет»,- деді Елбасы.

Сонымен бірге, Н.Назарбаевтың хабарлауынша, Қарашығанақта салынған вахталық нысандар алдағы уақытта облысқа қайтарымсыз көмек ретінде өткізіліп, әлеуметтік нысандар салуда құрылыс материалдары ретінде қолданылатын болады. Шалғай аудандарда ауруханалар, мектептер мен тұрғын үйлер салынбақшы. Осы орайда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қарашығанақ жобасын жүзеге асырушы инвесторлар Батыс Қазақстан облысын дамытуға ауқымды көмек көрсетіп отырғанын ерекше атады. Облыс инфрақұрылымын дамытуға жұмсалған тікелей инвестиция көлемі жыл сайын 10 млн. долларды құрап отыр.

Соңғы жаңалықтар