Қарашығанақ кенішінен Орынбор газ өңдеу зауытына газ сату жөніндегі келісім-шартының жобасы 15-қыркүйекке дейін дайын болады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарашығанақ кенішінен Орынбор газ өңдеу зауытына газ сату жөніндегі келісім-шартының жобасы 15-қыркүйекке дейін дайын болады

Қарашығанақ кенішінен Орынбор газ өңдеу зауытына газ сату жөніндегі келісім-шартының жобасы 15-қыркүйекке дейін дайын болады

"Газпром" ААҚ Қарашығанақ кенішінен Орынбор газ өңдеу зауытына газ сату жөніндегі келісім-шартының жобасын 15-қыркүйекке дейін дайындайды. Еліміздегі кеніштерден шығарылған көгілдір отынды өңдеуде "Газпром" ААҚ мен Қазақстан арасындағы өзара ынтымақтастық мәселесіне арналған кеңес барысында осындай шешім қабылданды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне "Газпром" ААҚ-ның баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 25 Тамыз 2004
  • 585
Фото - Caravan.kz

Кеңесте «Газпром» ААҚ, «Оренбурггазпром» ААҚ мен «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б. В» (КПО) арасында ұзақ мерзімді келісім-шартқа қол қоюға бағытталған келіссөздер барысы қаралды. Келісім-шартында 2005-жылдан бастап Қарашығанақ кенішінен Орынбор газ өңдеу зауытына газ сату мөлшерін жылына 7-ден 8,5 млрд. текше метрге дейін арттыру көзделген.

Кеңеске қатысушылар сондай-ақ, зауыттың газдың қосалқы мөлшерін қабылдау және өңдеуге дайындығы туралы мәселені қарады. Биылғы жылдың аяғына дейін Орынбор газ өңдеу зауытында аталмыш міндетті орындауға техникалық мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстар толықтай жүзеге асырылады.
Кеңесте сондай-ақ, Қазақстанмен бірлескен кәсіпорын құру тақырыбы да талқыланды. Бірлескен кәсіпорын құрудағы басты мақсат — Қарашығанақ кенішінен алынатын газды өңдеу көлемін жылына 15 млрд. текше метрге дейін жеткізу үшін Орынбор газ өңдеу зауытын жаңалау болып табылады. «Газпром» ААҚ-ның профильді департаменттеріне зауытты модернизациялаудың техника-экономикалық негіздемесін 15-қыркүйекке дейін әзірлеп, газ өңдеу зауытынан шығарылатын қосымша газды потенциалдық сатып алушыларды және оның болжамдық бағасын айқындау, Бірлескен кәсіпорынға қатысушылардың құрамын Қазақстан жағымен келісу жөнінде тапсырма берілді.
Қарашығанақ кенішінен Орынбор газ өңдеу зауытына газ беру жұмыстары «Газпром» ААҚ, «Оренбурггазпром» ААҚ мен «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б. В» (КПО) арасында 2002-жылдың қазан айында қол қойылған келісім-шартының аясында жүзеге асырылуда. 2003-жылғы қазан айынан бері жіберілетін газ көлемі жылына 7 млрд. текше метрді құрап отыр.
Бұған қоса қазіргі таңда «Газпром» ААҚ мен Қазақстан газ саласындағы ынтымақтастық туралы 15-20 жылға есептелген ұзақ мерзімді келісімге қол қоюға келіссөздер жүргізуде.

Перейти к новостям спорта