Қарашығанақ - Орал газ құбырының техника-экономикалық негіздемесін дайындауға 6 млн. доллар бөлінді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарашығанақ - Орал газ құбырының техника-экономикалық негіздемесін дайындауға 6 млн. доллар бөлінді

Қарашығанақ - Орал газ құбырының техника-экономикалық негіздемесін дайындауға 6 млн. доллар бөлінді

Қарашығанақ -Ақсай - Орал газ құбырының техника-экономикалық негіздемесін дайындауға 6 млн. доллар бөлінді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Батыс Қазақстан облыстық әкімшілігінен хабарлады.

  • 9 Қараша 2005
  • 459
Фото - Caravan.kz

Облыс әкімі Нұрғали Әшімовтың айтуынша, Қарашығанақ -Ақсай — Орал газ құбырын тарту Бөрілі, Теректі, Сырым және Қаратөбе елдімекендерін табиғи газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Тұтастай алғанда ауылдық жерлерде тұратын 5 мыңдай үй арзан көгілдір отынға қол жеткізеді.

Газ құбыры алдағы 1,5 жылда тартылып бітеді деп күтілуде. Қарашығанақ кенішінен шыққан газдың 1 текше метрі облыс тұрғындарына 25 доллардан сатылады. Ол Батыс Қазақстан облысына Ресейден жеткізілетін көгілдір отыннан 15-20 процент арзанға түспек.
Жобаны жүзеге асыру үшін таяу уақыттарда Қарашығанақта газ өңдеу қондырғысын жаңалау жұмыстары басталады.
Газ құбырын тартуға 80 млн. доллар көлемінде инвестиция салынады. Бастапқы кезеңде жобаның техника-экономикалық негіздемесін жасау қажет. Газ құбырын тартуға арналған қаржыны Қарашығанақ интегарциялық ұйымы толық көлемде шығарады.

Перейти к новостям спорта