Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг пен Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті ауылшаруашылығы саласындағы бірлескен жобаны жүзеге асыратынын мәлімдеді - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг пен Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті ауылшаруашылығы саласындағы бірлескен жобаны жүзеге  асыратынын мәлімдеді

Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг пен Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті ауылшаруашылығы саласындағы бірлескен жобаны жүзеге асыратынын мәлімдеді

"Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В" мен М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті Қарашығанақ кеніші маңында ауылшаруашылық дақылдарын өңдеудің экологиялық технологияларын жасау және жердің шұрайын зерттеуге бағытталған бірлескен ғылыми-зерттеу жобасын жүзеге асыру нәтижелерін жария етті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚПО компаниясының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 19 Шiлде 2005
  • 611
Фото - Caravan.kz

ҚПО компаниясы қоршаған ортаны қорғау бөлімінің менеджері Фил Мичелл : «жоба аймақтағы тұрақты дамуға түрткі болу жөніндегі міндеттемеге дәлел бола алады. Бұл бастаманы жүзеге асыру Қарашығанақ кенішінің төңірегінде орын тепкен ауылдық округтердің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыруға оң ықпалын тигізеді»,- деді.

Үш жылға есептелген жобаның басты мақсаты — ауылшаруашылығы алқаптарының ахуалын зерттеу, өңдеуге қолайлы дақылдар түрін анықтау, Бөрілі аудандық фермерлерге арнап Қарашығанақ маңында ауылшаруашылығын жүргізуге арналған тәжірибелік нұсқаулықтар жасау болып табылады.
Жобаны жүзеге асыру үшін 4 гектар жер учаскесі таңдалып, Бөрілі ауданында дәстүрлі егілетін арпа, бидай, бұршақ тұқымдастар мен жемдік дақылдар егілді.
Жобаның жетекшісі, ауылшаруашылығы ғылымдарының докторы, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры Сәния Жұбатарованың айтуынша, «зерттеулер қорытындысы кеніш төңірегіндегі топырақ ахуалының жақсы екенін, өсімдіктердің толық даму сатысынан өтетінін және бұл жерде ауылшаруашылығы дақылдарынан жоғары түсім алуға болатынын көрсетті».
«Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В» — Би-Джи Групп (32,5%), Эни (32,5%), ШевронТексако (20%) және ЛУКОЙЛ (15%) компаниялары біріккен кәсіпорын.
«Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В» дүниежүзіндегі ең ірі мұнайгаз конденсаты кеніштерінің бірі — Қарашығанақ кенішін игеру және оны дамыту жұмыстарын басқарады. Батыс Қазақстан облысында орын тепкен Қарашығанақ кенішіндегі қор 1,2 млрд. тонна мұнай мен конденсат және 1,35 трлн. текше метр газдан құралады.

Перейти к новостям спорта