Қарашығанақ-Орал газ құбырының құрылысына 80 млн. доллар бөлінеді - Батыс Қазақстан облысының әкімі - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+2 °C
Алматы
2025 Жыл
12 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарашығанақ-Орал  газ құбырының құрылысына 80 млн. доллар бөлінеді - Батыс Қазақстан облысының әкімі

Қарашығанақ-Орал газ құбырының құрылысына 80 млн. доллар бөлінеді - Батыс Қазақстан облысының әкімі

"Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В" (ҚПО) Қарашығанақ-Ақсай - Орал газ құбырының құрылысына 80 млн. доллар бөледі. Бұл туралы әкімдікте өткен кеңесте Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрғали Әшімов мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 16 Мамыр 2005
  • 636
Фото - Caravan.kz

Н.Әшімовтың айтуынша, Қарашығанақта өндірілетін 500 млн. текше метр газ мемлекет басшысының тапсырмасымен Батыс Қазақстан облысының мұқтаждығына арналатын болады. Бұл өңірге көгілдір отынның 1 мың текше метрі 25 АҚШ долларына сатылады. Осы мақсатпен Қарашығанақта газ өңдеу қондырғылары жаңаланады. Соның нәтижесінде онда қосымша 600 млн. текше метр газ өндірілетін болады. Газ өңдеу қондырғысын модернизациялауға 200 млн. доллар жұмсалады.

Қазіргі жағдаймен қондырғыда 1 млрд. текше метр газ өндіріледі. Оның 850 млн. текше метрін ҚПО өз қажеттігіне алып пайдаланса, 150 млн. текше метрі Батыс Қазақстан облысының мұқтаждығына жұмсалуда. Осыған байланысты Батыс Қазақстан облысының қажеттігіне арналған газ мөлшерін 600 млн. текше метрге дейін өсіру көзделіп отыр. Оның 500 млн. текше метрі Қарашығанақ -Орал газ құбыры арқылы жіберілсе, қалған 100 млн. текше метрі Қарашығанақтағы 5-энергоблоктың жұмысын қамтамасыз етпек. Бұл энергоблоктың құрылысы алдағы жылы басталады. Облыс басшылығының мәліметі бойынша, қосымша энергоблоктың құрылысын салу Батыс Қазақстан облысын электр қуатымен 140 процентке қамтамасыз етуі тиіс.
Ұзындығы 150 шақырымды құрайтын Қарашығанақ-Ақсай — Орал газ құбырын тарту жұмыстары 20 айға созылады. Соның нәтижесінде аталмыш елді мекендермен бірге Бөрілі және Теректі аудандары көгілдір отынмен қамтамасыз етіледі. Алдағы уақытта бұл газ құбырынан Сырым және Қаратөбе аудандарына құбыр тармақтары тартылады. Құрылыс жұмыстарына жергілікті мердігерлерді жұмылдыру нәтижесінде жергілікті тұрғындарды жұмысқа қамту мүмкіндігі пайда болмақшы.

Перейти к новостям спорта