Қарашығанақта техникалық су таратушы кешен пайдалануға берілді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарашығанақта техникалық су таратушы кешен пайдалануға берілді

Қарашығанақта техникалық су таратушы кешен пайдалануға берілді

КИО компаниясы кеніштің өндірістік нысандарын техникалық сумен үздіксіз қамтамасыз ететін жаңа кешеннің пайдалануға берілгенін жариялады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне КИО компаниясының бұқарамен байланыс бөлімінен хабарлады.

  • 27 Маусым 2003
  • 666
Фото - Caravan.kz

Қоншыбай су бөгенінің жанынан бой көтерген, құны 4,1 млн. долларды құрайтын кешен құрамында қазіргі заманғы насостық станция, су тазарту жүйесі мен су сақтайтын резервуар бар.

Аталмыш жоба аясында Қарашығанақ интеграциялық ұйымы кешенге жетуге мүмкіндік беретін 500 метр тас жол салып, 6 киловаттық электр тарату желісін іске қосумен бірге нысан аумағында 380 ағаш отырғызды. Нысан аумағын көгалдандыру жұмысы одан әрі жалғасады.
Компания менеджері Роберт Шляйхердің айтуынша, техникалық сумен қамтамасыз етуші жаңа кешен мемлекеттік сараптамадан өткізілген, санитарлық-гигиеналық , сәулет-құрылыс және экологиялық барлық талаптарға сай келеді. Осы орайда ол, нысанды жобалау барысында нысан аумағындағы табиғи ортаны сақтап қалу, экологиялық түр алуандығын сақтап қалуға , жалпы қоршаған ортаны қорғау мәселесіне баса назар аударылғанын жеткізді.
Компания басшыларының айтуынша, нысанның бас мердігері «ИГС-Сичим» компаниясы мен отандық субмердігерлердің күш-жігерінің арқасында кешен құрылысын салу жұмыстары бюджет шеңберінде ешбір шығынсыз әрі жедел аяқталды.
Техникалық су құятын резервуарды монтаждау барысында өндірісте өзіндік жаңалық та енгізілді : құрыш листтері далалық ахуалда емес, зауыттың өзінде дәнекерленіп дайындалды. Дайын күйінде өз орнына әкелініп, сол жерде ақырғы дәнекерлеу жұмыстары жүргізілді.
«КИО тарихында алғаш рет нысанды жобалау, қажетті рұқсат құжаттарын жинау, материал және жабдықтармен қамтамасыз ету, құрылыс жұмыстарын жүргізіп оны қабылдату , сондай-ақ, барлық жүйелер мен жабдықтардың қалыпты жұмыс істеп тұрғанын іс жүзінде дәлелдеу мақсатымен эксплуатациялық сынақтар жүргізу жұмыстары мердігерге жүктелді «,- деді Роберт Шляйхер.

Соңғы жаңалықтар