Оның айтуынша, газ өңдеу зауытын пайдалану кезеңінде жылу және энергия қамтамасыздығына арналған түтіндік мұржалар, жоғары және төмен қысым жүйелерінің шырағдандары, горизонталды шырақ қондырғысы тәрізді көздер ауаны ластаушы негізгі қайнар көздерге саналмақ.
Ауаны ластаушы заттардың тізімінде азот диоксиді (жылдық тасталатын мөлшері 250-350 тоннаны құрайды), азот оксиді — 50-70 тонна, күйе — 3-5 тонна, күкірт диоксиді- 50-100 тонна, күкірт қышқылы — 800-1000 тонна, көмірсутегілер- 100-150 тонна кіреді.
Газ өңдеуші зауыт салынған жағдайда айына 81,6 мың тонна қатты қалдықтар түзіледі деген есеп бар. Осындай барлық қалдықтар қауіпті және қауіпсіз деп іріктеліп, өндіріс алаңынан тысқары жерге, осындай қалдықтарға арналған полигондарға жеткізіледі.
Зауыт пайдалануға берілген жағдайда оның бірінші кезеңі үшін қалдық мөлшері жылына 317-360 тоннаны, екінші кезеңі үшін 526-620 тоннаны құрайды деп күтілуде.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қарашығанақтағы газ өңдеу зауыты екі кезеңмен пайдалануға беріледі. 33 айға созылатын бірінші кезеңде зауыттың бірінші кезегі, одан кейінгі 27 айда екінші кезегі салынады. Газ өңдеу зауытының құрылысы 2004-жылдың екінші тоқсанында басталып, 2010-жылы аяқталады деп күтілуде.