Қаратау мен Жаңатас тұрғындарының үйлеріне жылу беріле бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қаратау мен Жаңатас тұрғындарының үйлеріне жылу беріле бастады

Қаратау мен Жаңатас тұрғындарының үйлеріне жылу беріле бастады

Қаратау және Жаңатас тұрғындарының үйлеріне жылу беріле бастады, деп хабарланды Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметінен.

  • 16 Қаңтар 2013
  • 310
Фото - Caravan.kz

Қазіргі уақытта Қаратау қаласында (Талас ауданы) барлық нысандарға жылу берілді, орталықтандырылған қазандық қалыпты режімде жұмыс істеуде. Жаңатаста (Сарысу ауданы) орталықтандырылған қазандық, сондай-ақ қалыпты режімде істеуде. 15 қаңтар күнінің соңында жылыту жүйесі қажетті температураға дейін ысыды, жылу барлық абоненттерге қосылды.

Табиғи апаттан зардап шеккен аудандарда электр тарату желілерін қалпына келтіру бойынша жұмыстар әлі де жүргізілуде. Өңір әкімінің баспасөз қызметінен нақтылап бергендей, қазіргі уақытта Талас ауданының нысандары мен тұрғын үйлерінің 60 пайызы жарықпен қамтамасыз етілді. Сарысу ауданында және Жаңатас қаласында энергиямен қамту 75 пайызға жанданды.

Бұған дейін хабарланғадай, бұл аудандарда байланыс желілері мен ұялы телефон байланысы жұмыс істеп тұр.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Кәрім Көкрекбаев бастаған ТЖ бойынша облыстық штаб өз жұмысын жалғастыруда.

Талас және Сарысу аудандарында, Қаратау және Жаңатас қалаларында қайта қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда.