Жарияланды: 360

Қаратауда байланыс пен электр қуаты жартылай қалпына келтірілді

Қаратауда боран салдарынан үзілген байланыс қалпына келтірілді. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазіргі кезде әкімшілік ғимараттарда және кейбір пәтерлерде телефондар жұмыс істеді, қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда. Сонымен қатар, құтқарушылар әкелген қосымша станциялар мен кейбір желілерді жөндеу есебінен электр қуатын беру жұмысы да қалпына келтірілуде. Баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Төтенше жағдай салдарына жою штабының басшылығы пәтерлер мен әлеуметтік мекемелерге он-он екі сағаттан кейін жарық берілетінін айтқан.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін