«Қаражамбасмұнайда» мұнай өндіру тұрақтады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Қаражамбасмұнайда» мұнай өндіру тұрақтады

«Қаражамбасмұнайда» мұнай өндіру тұрақтады

«Қаражамбасмұнай» АҚ-ында мұнай өндіру тұрақтандырылды, деп мәлім етті «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ (ҚМГ) басшысы Қайыргелді Қабылдин.

  • 16 Маусым 2011
  • 506
Фото - Caravan.kz

«Қаражамбасмұнайда» мұнай өндіру 5,5 мың тоннаны құрайтын. Ереуілге байланысты бұл көлем төмендеп кетті, қазір біз қайтадан (бұрынғы көлемге — ҚазТАГ) оралдық», — деді ол бейсенбі күні Каспийдің дамуы мәселелеріне арналған конференцияда.

Кейін журналистерге сұхбат берген Қ.Қабылдин мұнай өндіру көлемі бойынша жоспар тәулігіне 5,3 мың – 5,4 мың тоннаға дейін қалпына келтірілгенін жеткізді.

Қаражамбасмұнай» АҚ (ҚБМ) «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ мен қытайлық CITIC Group мемлекеттік корпорациясына тең негізде тиесілі. ҚБМ Ақтаудан 230 шақырым жердегі Бұзашы жартыаралындағы Қаражамбас кен орнында ауыр мұнай өндірумен айналысады. Кен орны 1974 жылы ашылған және жабысқақтығы жоғары мұнайы терең емес орналасқан ТМД аумағындағы ең ірі кен орны болып табылады, ол жерде мұнай өндіру термикалық әдіспен жүзеге асырылады.

Соңғы жаңалықтар