«Қаражамбасмұнайдың» ереуілдеген жұмысшыларының 58% жұмысқа кірісті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Қаражамбасмұнайдың» ереуілдеген жұмысшыларының 58% жұмысқа кірісті

«Қаражамбасмұнайдың» ереуілдеген жұмысшыларының 58% жұмысқа кірісті

«Қаражамбасмұнайдың» ереуілдеген жұмысшыларының 58% жұмысқа кірісті, деп компания баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 29 Маусым 2011
  • 309
Фото - Caravan.kz

«Еңбек ұжымының саналы бөлігінің және кәсіпорын жұмысшыларының арасындағы кеңінен жүргізілген түсіндіру жұмыстарының арқасында Қаражамбас кенішіндегі жағдай біртіндеп тұрақталып келеді. Осы уақытта ереуілдеген жұмысшылардың 58% жұмысқа қайта оралып, ол мұнай өндірісінің көлемінің төмендеуіне мүмкіндік бермеді. Бірақ кейбір жұмысшылардың жұмысқа шыққан жұмысшыларға қатысты заңсыз әрекеттерге баруы байқалады. Жұмысқа шыққан жұмысшылардың жеке көліктері мен үйлеріне сес көрсету үнпарақшалары жапсырулы. Белгісіз біреулер оларды қорқытып, егер олар ереуілшілерді қолдамайтын болса, олардың көліктері мен үйлерін өртеп жіберетіндігін ескертіпті. Мысалы, 2011 жылы 22 маусымда Маңғыстау облысындағы Жармыш селосында белгісіз біреулер жұмысшы С. Ілиевтің жеке басы мен отбасына сес көрсетіп, оның жеке көлігін айтарлықтай зақымдап кетіпті. Осындай әрекеттер К. Қорғанбаев пен оның отбасына да қатысты қолданылғын», — деді компаниядағылар.

Компания өз жұмысшыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және айыптыларды анықтау үшін жерлігікті құқық қорғау органдарына жүгініп отыр.

«Қаражамбасмұнай» ЖШС, «Тұлпар Мұнай Сервис» ЖШС, «АрғымақТрансСервис» ЖШС басшылығы «өз жұмысшыларын қорғау үшін қолдан келгеннің барлығын жасайтынын» айтып отыр.

«Бүгінгі күнге осы үш компанияда да жұмысшылар біртіндеп өз жұмыс орындарына саналы түрде оралуда. Өндірістегі жағдай тұрақталуда», — деп көрсетілген хабарда.

Еске салсақ, ағымдағы жылы 17-ші мамырда басталған мұнайшылардың ереуілі заңсыз деп танылған. Маңғыстау облысының әкімшілігінің мәліметтерінше, 24 мамырда Түпқараған аудандық сот шешімімен ереуілді ұйымдастырғаны үшін Н. Соколова айыппұл салу түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, кейін заңсыз әркет қайталанғаны себепті 8 тәулікке қамауға алынған.

Қаражамбас кеніші Ақтаудан 230 км жерде орналасқан 1974 жылы ашылған. ТМД территориясында таяз жерде орналасқан тұтқырлығы өте жоғары ең ірі кеніш болып табылады. Оны өңдеу термикалық әдістерді қолдану арқылы жүргізіледі.

Соңғы жаңалықтар