«Қаражамбасмұнайдың» наразылық акциясына қатысқан жұмыскерлері жұмыс берушінің құдалауынан қорқып отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Қаражамбасмұнайдың» наразылық акциясына қатысқан жұмыскерлері жұмыс берушінің құдалауынан қорқып отыр

«Қаражамбасмұнайдың» наразылық акциясына қатысқан жұмыскерлері жұмыс берушінің құдалауынан қорқып отыр

«Қаражамбасмұнай» АҚ-ның наразылық акциясына қатысқан еңбек ұжымы жұмыс берушінің қудалауынан қорқып отыр, деп мәлім етті дүйсенбі күні олардың өкілдері.

  • 30 Мамыр 2011
  • 563
Фото - Caravan.kz

«Өзіне заң бойынша тиесіліні талап етіп отырған еңбек ұжымына қолдау қажет. Егер қазір бұл адамдарды қорғап қалмасақ, жұмыс беруші оларды жаппай қудалауға ұшыратып, жаппай жұмыстан шығаруы мүмкін. Қазірдің өзінде осыны қолға алды. Қазіргі уақытта 8 адамның қолдарына жұмыстан шығарылғаны туралы бұйрық ұстатылған. Басқаларын да шығарады», — деп мәлім етті «Жаңарту» тәуелсіз республикалық кәсіподағының өкілі Есенбек Өктешбаев.

Оның айтуынша, қазіргі кезде аталған компания жұмыскерлерінің мүдделерін қорғаған «Қаражамбас жұмыскерлерінің кәсіподағы» ҚҚ-нің заңгері Наталья Соколова қамауда отыр. Оны 8 тәулікке қамап қойған.

«Еңбек ұжымы «Қаражамбасмұнай» АҚ-ның еңбек ұжымының жалпы жиналысы орнынан алған кәсіподақтың бұрынғы төрағасы Ербосын Қосархановтан кәсіподаққа мөрі мен құжаттарын қайтаруды талап етуде. Бұдан басқа, жалақы төлеу мен қосымша әлеуметтік кепілдіктер саласындағы ұжымдық еңбек дауы бойынша талаптарды шешуді, кәсіподақ белсенділерін ұрып-соғуға қатысқан адамдардың үстінен қылмыстық іс қозғауды, жұмыс беруші мен жергілікті биліктің кәсіподақтың істеріне араласуын тоқтатуды, «Қаражамбас жұмыскерлерінің кәсіподағы» ҚҚ-нің заңгері Наталья Соколованы қудалауды доғаруды, наразылық шарасы кезінде жұмыстан шығарылған барлық мұнайшыларды қайтадан жұмысқа алуды талап етуде», — делінген «Қаражамбасмұнай» АҚ-ның наразылық акциясына қатысушы жұмыскерлерінің баспасөз мәлімдемесінде.

Бұған дейін хабарланғандай, «Қаражамбасмұнай» АҚ жұмыскерлерінің ереуілі салдарынан компания Т240 млн көлемінде шығын көрді.

«Қаражамбасмұнай» АҚ тең негізде «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ-на және Қытайдың CITIC Group мемлекеттік корпорациясына тиесілі. ҚБМ Ақтаудан 230 шақырым жердегі Бұзашы жарты аралындағы Қаражамбас кен орнында ауыр мұнай өндірумен айналысады. Кен орны 1974 жылы ашылған және ТМД аумағындағы аса тереңде орналаспаған жабысқақтығы жоғары мұнайдың ең ірі кен орны болып табылады.

Соңғы жаңалықтар