Жарияланды: 1300

«Қаражанбасмұнай»: 72 жұмысшы жұмыстан қуылды

«Қаражанбасмұнай»: 72 жұмысшы жұмыстан қуылды

«Қаражанбасмұнай» мен оның еншілес мекемелерінен 72 жұмысшы заңсыз наразылық акциясына қатысқаны үшін жұмыстан қуылды, деп көрсетілген компания хабарында.

«Бүгінгі күнге заңсыз наразылық акциясына қатысқандары үшін ҚБМ, АТС («АрғымақТрансСервис» ЖШС) және ТМС («ТұлпарМұнайСервис» ЖШС) мекемелерінің 72 жұмысшысы жұмыстан қуылды», - делінген ақпараттық баянда. Құжатта айтылғандай бүгінге Қаражамбас кенішіндегі жұмысшылардың саны артып келеді, қазір олардың саны 700 адамдай. Кеніштегі ереуілдеушілер саны 164 адам. Тәулік өндірісі тұрақтанды, мұнай өндіру аздап артуы байқалады. Сондай-ақ компания, 1-ші маусымда 51 жасында «АрғымақТрансСервис» ЖШС-тің №4-ші автоколоннасының бастығы Сәбит Кенжебаев кенет қайтыс болғанын хабарлайды. С. Кенжебаев мамырдың 14-29-ы аралығында Қаражанбастағы вахтада болып, ереуілдеп жатқан жұмысшыларға белсенді түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жұмысқа шығуға үгіттеген. 1-ші маусымда ол кеңеске қатысты. Кеңестен соң ол өзін нашар сезінді. Оған себеп соңғы кездегі жүйке ауыртпалығы мен шаршағаны болуы мүмкін. Оның қызметтес серіктері мен жақындары ол соңғы кездері нашар сезініп жүргендігін айтады. Соның салдарынан ұстаған жүрек талмасы өлімге соқтырды делінген хабарда. «Қаражамбасмұнай» АҚ тең үлеспен «ҚазМұнайГаз» Барлау өндіру» АҚ және қытайлық CITICGroup мемкорпорацияға тиесілі. ҚБМ Ақтаудан 230 шақырым жердегі Бозашы түбегінде Қаражамбас кенішіндегі ауыр мұнайды өндіреді. Кеніш 1974-ші жылы ашылған және ТМД аумағындағы тұтқырлығы жоғары әрі таязда жатқан ең ірі кеніш болып табылады. Оны өндіру термикалық әдісті қажет етеді. ҚБМ-да оған бағынышты, бұрғылау және ұңғыларды түбегейлі жөндеу бағдарламасы үшін сервистік қызмет көрсететін «ТұлпарМұнайСервис» ЖШС, көлікті қызмет көрсету үшін құрылған «АрғымақТрансСервис» ЖШС бар.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть