Жарияланды: 410

Қаражар ауылында газ алауы тұтанды - БҚО

Зеленов ауданы Қаражар ауылында газ алауы тұтанды.

Аталмыш елді мекенді газдандыруға 11 млн. теңге бөлініп, ол толықтай игерілген. Қаражарлықтардың қуанышын бөлісе келген аудан әкімі Марат Оңғарбековтің атап өткеніндей, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың елді мекендердің жағдайын жасап, газ, ауыз сумен толыққанды қамтамасыз ету талабы күн тәртібінен түскен емес. Газдандырылған Қаражарда келер жазда таза ауыз су жеткізу жұмыстары қолға алынбақ. Газ келіп, көңілі бірленген ауыл тұрғындары атынан сөз алған ақсақал Николай Анцепрович игілікті іске қолдау білдірген аудан әкімі мен жұмыстың басы-қасында жүрген атқамінер азаматтарға алғысын білдірді. Аудан орталығына жақын орналасқан ауылдың әлеуеті зор, шаруашылыққа өте қолайлы ауыл. Түсіп қалған тұқым түйнек беретін құнарлы топырағына ауыл халқы бақша салып, мол өнім алады. Ауыл іргесінен ағатын өзен суынан жаз мезгілінде әр аулаға құбыр арқылы су жіберіліп тұрады. Ауылда аралас тілде білім беретін бастауыш мектеп, кітапхана, дәрігерлік амбуллатория, клуб жұмыс жасайды. Енді, Қаражардағы жетпіске тарта отбасы көгілдір отынның қызығын көрмек.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін