Қарбызды қабығымен жегізеді. Желіде қорлық көрген балалардың видеосы тарады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарбызды қабығымен жегізеді. Желіде қорлық көрген балалардың видеосы тарады

Қарбызды қабығымен жегізеді. Желіде қорлық көрген балалардың видеосы тарады

Белгісіз ер адам екі баланы жерде қарбызды қабығымен жеуге мәжбүрлеп, видеоға түсірген. Ол Желі қолдаланушыларының наразылығын тудырды.

  • 3 Шiлде 2020
  • 27
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Әлеуметтік желілерде, пікір қалдырушылардың айтуынша, қорлық көрген балалардың видеосы тарады. Кадрларда ер адам жерде жатқан қарбызды балаларға қабығымен жегізеді. Оларға "шайнамай сиыр құсап же" деп, видео бойы былапыт сөздер айтады. 

АБАЙЛАҢЫЗ, ӘДЕПСІЗ СӨЗДЕР!

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by kris_p_brothers (@kris_p_brothers_official) on

Видео авторының сөзіне қарағанда, балалар егістіктен қарбыз ұрлағаны үшін жазаланғанын түсінуге болады. Алайда оқиға қай жерде болғаны белгісіз. Ал әлеуметтік желі қолданушылары ер адамның өзін жазалау керегін айтып жатыр. 

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин бұл іс бойынша Қазақстан Ішкі істер министрлігіне ресми сұрау жіберілгенін айтты. Ол бұл оқиға болған жерді жылдам анықтауға және кінәлілерді жауапқа тартуға көмектеседі деп үміттенеді.

Ал Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі қазір мамандар видеоны тексеріп жатқанын хабарлады.

Соңғы жаңалықтар