Қармақшыда «Екі жұлдыз» талапкерлері ән жарыстырды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қармақшыда «Екі жұлдыз» талапкерлері ән жарыстырды

Қармақшыда «Екі жұлдыз» талапкерлері ән жарыстырды

Қызылорда облысы Қармақшы ауданының орталығы Жосалы кентінде бүгінгі күндері сәнге айналып жүрген «Екі жұлдыз» жобасына сәйкес байқау болды. Оны аудандық мәдениет үйінің әдістемелік кабинеті ұйымдас­ты­рды.

  • 9 Желтоқсан 2010
  • 510
Фото - Caravan.kz

Ал сайыс ауылдық клубта белгілі өнерпаздар мен басқа кәсіп иелерінің өнерін ұштас­тыру, клуб үйі қыз­меткерлерінің біліктілігін арттыру, оларға әдістемелік-тәжірибелік көмек көрсету мақсатында өткізілді.

Ән жарысының қорытындысында қазылар алқасы бас жүлдені Қармақшы ауылының жас әншісі Айдана Бимұрат пен ауыл тұрғыны, «Ай-Дан» фирмасының қызметкері Нұржан Таң­баевқа тапсырды. Бірінші орынды Төребай би ауылдық клуб үйінің қыз­меткері, әнші Берік Аққалиев пен ауыл мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Эльвира Елемесова еншіледі.

Перейти к новостям спорта