Қарқаралыда болған жаппай төбелесте 1 адам көз жұмып, алтауы жараланды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарқаралыда болған жаппай төбелесте 1 адам көз жұмып, алтауы жараланды

Қарқаралыда болған жаппай төбелесте 1 адам көз жұмып, алтауы жараланды

Қарағанды облысының Қарқаралы ауданындағы демалыс орындарының бірінде демалушылар жаппай жаға жыртысып, 1 адам көз жұмды. Тағы 6-ы жансақтау бөлімінде жатыр. Арасында полиция қызметкері де бар.

  • 1 Қараша 2012
  • 735
Фото - Caravan.kz

Демалыс орындарының бірінде көңіл көтерген жігіттер ащы судан көбірек ішіп қойса керек, өзара шекісіп, арты қып-қызыл төбелеске ұласқан. Жаппай жұдырықтасу кезінде пышақ ала жүгіргендері де бар болып шықты. Салдарынан түрлі дене жарақаттарымен аудандық ауруханаға 7 адам жеткізілген. Алайда жүрек тұсынан пышақ тиген бір адам жансақтау бөлімінде көз жұмды. Ішкі істер департаментіндегілер басбұзарлардың арасында полиция қызметкерінің болғанын растады. Осыған байланысты аудандық полиция бөлімінде қызметтік тексеріс басталып, қылмыстық іс те қозғалған.    


Жаңатай Сембеков Қарағанды облыстық ІІД баспасөз хатшысы:

— Төбелеске қатысқандардың ішінде полиция қызметкері болған жұмыстан тыс уақытта. Оқиға болған жерден бір мылтық табылды. Сол төбелеске қатысушының біреуіне тіркелген, бірақ ол мылтықтан дене жарақатын алған адам жоқ.

Соңғы жаңалықтар