Қарқаралыда жаппай төбелестің соңы адам өлімімен аяқталды - kaz.caravan.kz
  • $ 541.45
  • 631.17
+20 °C
Алматы
2025 Жыл
28 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарқаралыда жаппай төбелестің соңы адам өлімімен аяқталды

Қарқаралыда жаппай төбелестің соңы адам өлімімен аяқталды

Қарағанды облысының Қарқаралы аласында жаппай төбелес кезінде бір адам көз жұмып, тағы бес адам аурухананың жан сақтау бөліміне түсті.

  • 31 Қазан 2012
  • 781
Фото - Caravan.kz

Қалалық прокуратураның хабарлауынша, 18 бен 40 жас аралығындағы ер адамдар көл жағасында төбелескен көрінеді.

«Пышақталған алты еркек Қарқаралы ауруханасына жеткізілген болатын. Жүрегіне пышақ тиген бір азамат қайтыс болды. Қалғандары жан сақтау бөлімінде жатыр, олар бірнеше жерден пышақталған», — деді сұхбат беруші.
Бірақ, прокуратурадағылар жаппай төбелеске полиция қызметкерлері де қатысқан деген қауесетті растаған да, терістеген де жоқ.
«Жарақат алғандардың арасында жергілікті полицейлер де бар деп естідік. Шынында да, дүйсенбіге қараған түні қаладағы ойын-сауық ордаларының бірінде полицейлер көңіл көтерген. Қазір біз олардың аталған қанды оқиғаға қатысы бар-жоғын анықтап жатырмыз», — деп атап өтті прокурорлар.
Аталған фактілер бойынша екі бірдей қылмыстық іс қозғалды.