"Қару" операциясы барысында азаматтар полицияға 9 жарылғыш қондырғыны өз еріктерімен табыс етті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қару" операциясы барысында азаматтар полицияға 9 жарылғыш қондырғыны өз еріктерімен табыс етті

"Қару" операциясы барысында азаматтар полицияға 9 жарылғыш қондырғыны өз еріктерімен табыс етті

"Қару-2003" жедел-профилактикалық шараларының екінші күні азаматтар полицияға өз еріктерімен келіп 9 жарылғыш қондырғы мен 0,5 кило жарылғыш заттарды тапсырды. Бұл туралы 23-шілдеде KZ-today тілшісіне ҚР ІІМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 23 Шiлде 2003
  • 456
Фото - Caravan.kz

ҚР ішкі істер мекемесі осы мерзімде заңсыз сақталған 418 қару-жарақ пен 677 дана оқ-дәрі, соның ішінде 5 граната тәркіледі. Қару-жарақтардың арасында бесатар, тапаншалар, карабиндер мен кесік мылтықтар бар.

Азаматтардың өз еркімен полицияға тапсырған қаруларының арасында 501 мылтық және газды қарулар бар, соның ішінде 15 бесатар және карабин, 8 тапанша, 419 аңшылық қаруы мен 12 кесік мылтық бар.
Ал Солтүстік Қазақстан облысында азаматтар 46 қару-жарақ, соның ішінде 44 аңшылық қару мен 1 газды тапанша мен 1 қол кісенін өткізді.
Сондай-ақ, 123 оқ-дәрі тапсырылды.
Екі күн ішінде қару-жарағы бар 1925 адам тексеріліп, лицензиялық-рұқсат жүйесі тәртібін бұзуға байланысты 131 оқиға әшкереленді. Ішкі істер мекемесінде тіркелмеген 38 қару, соның ішінде 2 кесік мылтық тәркіленді.
Солтүстік Қазақстан облыстық ІІБ-ның қоғамдық қауіпсіздік басқармасының басшылығы жергілікті БАҚ-тар арқылы қару-жарақты өз ықтиярымен өткізу туралы тұрғындарға арнап түсіндірмелік мәлімдемелерді күн сайын жасауда.

Соңғы жаңалықтар