Қарулы Күштерде 23 мыңнан астам адам COVID-19 қарсы қайта вакцина салдырды - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
0 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарулы Күштерде 23 мыңнан астам адам COVID-19 қарсы қайта вакцина салдырды

Қарулы Күштерде 23 мыңнан астам адам COVID-19 қарсы қайта вакцина салдырды

Мемлекет басшысының халыққа ревакцинация науқанын жүргізу жөніндегі тапсырмасы аясында Қазақстанның Қарулы Күштерінде жеке құрамды COVID-19-ға қарсы қайта вакцинациялау жалғасуда. Бүгінгі таңда бұл процедурадан 23 мыңнан астам әскери және азаматтық персонал өтті.

  • 15 Қаңтар 2022
  • 26
Фото - Caravan.kz

2022 жылғы 11 қаңтарда Парламент Мәжілісінің отырысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде коронавирус сырқатының күрт өскенін атап өткен болатын.

– Мемлекет басшысы коронавируспен күресті жалғастыруды тапсырды. Сонымен қатар бұл маңызды міндеттердің бірі. Жеке құрам күнделікті қызметте. Бізге әскери қызметшілерд денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету маңызды, – деп атап өтті Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Мұхамеджан Таласов.

Әскери дәрігерлердің айтуынша, вакцинация курсынан өту және уақтылы өткен ревакцинация – инфекциядан өзіңді қорғаудың сенімді тәсілі. Қорғаныс министрлігінің әскери емханалары мен тіркелген жеріндегі азаматтық емдеу мекемелерінде, сондай-ақ әскери және азаматтық емдеу мекемелерінің көшпелі егу бригадаларының күштерімен COVID-19 ревакцинациясы ұйымдастырылды.

Төтенше жағдай режимін қамтамасыз етуге жұмылдырылған әскери қызметшілер орналасқан жерде медициналық қамтамасыз ету ұйымдастырылды. Әскери дәрігерлер жеке құрамның денсаулық жағдайын қадағалауда.