Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Марқұм Сафар Шәкеевтің кіші қарындасы Меруерт көңіл айтып келген барша жұртқа алғысын білдірді. Дер кезінде жауап бермегені үшін де кешірім сұрады. Мұнымен қатар, ағасы туралы естеліктерін бөлісіп, алдағы өмірін Сафарсыз елестете алмайтынын жеткізді.
“Мен үшін мұның барлығы қорқынышты түс секілді. Бүгін міне есімді жиып, сіздермен маңызды дүниелермен бөлісе аламын. Сафар әлемдегі ең жақсы аға. Мұндай аға туралы тек қана армандауға болады. Оның жоқтығы өзегімді өртеп, өмір бойы жаныма бататын болады. Мен 22 жыл өмірімді Сафармен бірге өткіздім және ары қарай не болатынын тіпті білмеймін.
Ағам пацифист, филантроп болатын. Әлемді өзгертіп, айналадағылар тек қана игі істер жасаса деп армандайтын. Араларыңда көбісі оның жетістіктері туралы естіген болар. Қоштасу рәсімінде әкем оқып берген еді. Мұны мақтаншақтық деп түсінбеңіздер. Мұнымен қатар, ол Америкада жүргенде үйсіздерге қол ұшын созып, оларға тамақ апарып беретін.
Ол үнемі жануарларға көмектесіп, олардың терісінен жасалған киімдер кимейтін. Ары қарай ағамсыз қалай өмір сүретінімді елестете де алмаймын. Себебі, ол маған көп уәде берді. Ол менің қоштасу кешіме, тойыма келмейді, өзі уәде бергендей ең жақсы ағам болмайды.
Ол әлемді өзгертіп, жерде бейбітшілік орнағанын қалады. Басқаша болса да, ол мұны орындады… 13 күннің ішінде ол адамдардың басын қосты. Көбісі осыдан кейін өздерінің адамгершілік қасиеттері туралы ойлана бастады. Сондықтан өтініп сұраймын оны ұмытпаңыздар. Махаббаттан өзгесінің бәрі бос дүние ғана…”, – дейді Меруерт Шәкеева.
Еске сала кетсек, 25 жастағы Сафар Шәкеев 16 шілдеде Алматыда жоғалып кетті. Оны соңғы рет Әл-Фараби даңғылындағы “Казкоммерцбанк” жанынан таңғы 7.00-де көргендер бар. Ол үстіне алқызыл жейде мен көк джинсы киген. Оны осымен жетінші күн қатарынан іздестіріп жатыр. Достары мен жақын туыстары, полицейлер мен еріктілер оны іздеп бүкіл қаланы шарлауда. Сафар Шәкеевтің қайда екенін туралы айтылған ақпаратқа арнайы сыйақы да тағайындалған. Алденесі 28 шілде күні, сағат 11 шамасында Есентай өзенінен табылды.