Қаржы министрі ұжымға Салық комитеті мен Қаржылық мониторинг комитетінің төрағаларын таныстырды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қаржы министрі ұжымға Салық комитеті мен Қаржылық мониторинг комитетінің төрағаларын таныстырды

Қаржы министрі ұжымға Салық комитеті мен Қаржылық мониторинг комитетінің төрағаларын таныстырды

Астана. 1 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қаржы министрі Болат Жәмішев ұжымға ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитеті мен Қаржылық мониторинг комитетінің төрағаларын таныстырды, деп хабарлайды агенттік тілшісі мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 1 Қазан 2008
  • 658
Фото - Caravan.kz

Бүгін Б. Жәмішев мекеме ұжымына бұған дейін Павлодар облысын басқарған Қайрат Нұрпейісовты қаржы вице-министрі қызметіне тағайындау туралы бұйрықты оқып берді.

Сонымен бірге, қаржы министрі ұжымға Салық комитетінің жаңа басшысы болып бұған дейін қаржы вице-минстрі болған Дәулет Ерғожиннің тағайындалғанын хабарлады. Ал ҚР Қаржы министрлігінің Қаржылық мониторинг комитетінің төрағасы болып бұрынғы сенат депутаты Мүсірәлі Өтебаев тағайындалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар