Бүгін Б. Жәмішев мекеме ұжымына бұған дейін Павлодар облысын басқарған Қайрат Нұрпейісовты қаржы вице-министрі қызметіне тағайындау туралы бұйрықты оқып берді.
Сонымен бірге, қаржы министрі ұжымға Салық комитетінің жаңа басшысы болып бұған дейін қаржы вице-минстрі болған Дәулет Ерғожиннің тағайындалғанын хабарлады. Ал ҚР Қаржы министрлігінің Қаржылық мониторинг комитетінің төрағасы болып бұрынғы сенат депутаты Мүсірәлі Өтебаев тағайындалды.