Ақпарат көзінің мәліметтеріне сүйенсек, вице-министрлер болып Дәулет Ерғожин мен Бақыт Сұлтанов тағайындалған.
Д. Ерғожин бұрын Қазақстан Республикасы қаржы министрлігі салық комитетінің ірі жер қойнауын пайдаланушылармен жұмыс жөніндегі арнайы бөлімнің бастығы қызметін атқарған.
Б. Сұлтанов Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі агенттігін басқарған. Ол осыған дейін Қазақстан Республикасының экономика және бюджетті жоспарлау вице-министрі болды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті